Қазақстан Республикасында өткен тәулік ішінде 342 қылмыс жасалынып, 273 ашылған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасында өткен тәулік ішінде 342 қылмыс жасалынып, 273 ашылған

Қазақстан Республикасында өткен тәулік ішінде 342 қылмыс жасалынып, 273 ашылған

Астана. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында өткен тәулік ішінде 342 қылмыс жасалынып, 273 ашылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыстар орталығынан хабарлады.

  • 27 Қараша 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, республика аумағында барлығы 8 адам өлтіру қылмысы, 5 қарақшылық, 29 тонау, 95 ұрлық және 18 есірткі қылмыстары жасалған. Сонымен қатар 208 оқиға, оның ішінде 60 жол көлік оқиғасы тіркелген, оқиғалар салдарынан 17 адам қайтыс болып, 78-і жарақат алған. Республикамызда бір тәулік ішінде 24 өрт шығып, 6 адам тілсіз жаудың құрбаны болған.

Полицейлердің хабарлауынша, тәулік ішінде Алматы обылысының Қарасай ауданының Селекция аулында, Теміртауда және де Қарағанды облысының Оскаровский ауданының Молодежный ауылындағы кісі өлтіру қылмыстары ашылған.

Оралда ішкі істер департаментінің криминалдық полициясы мен қалалық ішкі істер органының қызметкерлері 24-қарашада «Прима» ЖШС күзетшісі мен кассиріне қарақшылық шабуыл жасаған Батыс Қазақстан облысының үш тұрғынын ұстаған. Олардан ұрланған ақшаның бір бөлігі 1 млн 800 мың теңге тәркіленді.

Қарағандыда полицейлер 23-қарашада № 36 орта мектепте жарылғыш құрылғы қойылғандығы туралы жалған хабар берген «телефон террорисін» ұстаған. Ол Қарағандының коммерциялық колледжінің 1-ші курсында оқитын 15 жасар қыз болып шықты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті