Әзербайжанға сапары барысында Қазақстан үкімет басшысының осы ел президенті Ильхам Алиевпен және премьер-министр Артур Раси-Задемен кездесулері күтілуде.
Қазақстан премьер-министрі «Баку астық терминалының» ашылу салтанатына қатысады деп көзделуде.
Грузияға сапары аясында Кәрім Мәсімов ел президенті Михаил Саакашвилимен, үкімет басшысы Зураб Ногаиделимен және парламент төрағайымы Нино Бурджанадземен кездеседі.
ҚР премьер-министрінің сондай-ақ, Грузияның Кутаиси, Поти, Кобулети және Батуми тәрізді бірнеше қалаларын аралауы жоспарланған.
Қазақстандық делегация құрамына — энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов, индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов, ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов, парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Нығматулин, «Самұрық» мемлекеттік холдингі АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «Қазына» Тұрақты даму қорының басқармалары төрағасы Қайрат Келімбетов және өзге де ресми адамдар енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті