"Қазақстан" РТРК басшысы аяқ астынан қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан" РТРК басшысы аяқ астынан қызметінен кетті

"Қазақстан" РТРК басшысы аяқ астынан қызметінен кетті

Өткен жылғы қазан айының басында "Қазақстан" телерадио корпорациясын басқаруға келген Кемелбек Ойшыбаевтың бүгін қызметінен кеткені мәлім болды. Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында жазды.

  • 25 Қаңтар 2017
  • 2024
Фото - Caravan.kz

Ойшыбаев онда қызметінен кетуді ұйғарғанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.  

"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетуді ұйғардым. Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiң кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Ең бастысы — жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияның болашағы зор. Өзім үшін қазақ телевизиясының қара шаңырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болды. Әрiптестерiме де, барлық жанашырларыма да көп рахмет!" депті Кемелбек Ойшыбаев. 

Айта кетейік, оның "Қазақстан" корпорациясын басқаруға келгеніне 3 жарым айдан енді асқан еді. Осы уақыт аралығында қызметіне құлшына кіріскен ол корпорацияда көптеген құрылымдық өзгерістер жасады. Сондықтан оны дәл қазір кетеді деп ешкім ойламаған болатын. Сондықтан Ойшыбаевтың бұл қадамын неге жорырын білмей отырғандар бар.  


Соңғы жаңалықтар