Қазақстан Румынияны Батыс Еуропа мен Балқандағы басты серіктес ретінде қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Румынияны Батыс Еуропа мен Балқандағы басты серіктес ретінде қарастырады

Қазақстан Румынияны Батыс Еуропа мен Балқандағы басты серіктес ретінде қарастырады

Қазақстан Румынияны Батыс Еуропа мен Балқандағы басты серіктес ретінде қарастырады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақ-румын бизнес форумының 10-шы отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Мазғұм Мырзағалиев айтт

  • 30 Қазан 2013
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Біздің Румыниямен екіжақты қарым-қатынасымыз барынша қарқынды даму үстінде. Бұған қоса, өзара тауар айналымын ұлғайту бағытында да айтарлықтай кемшін тұстардың бар екендігі де белгілі. Ал осындай бизнес форумдар біздердің өзара сауда айналымымыздың ұлғаюына септігін тигізеріне сенім артамын», — деді вице-министр.

Сондай-ақ ол өз сөзінде Қазақстанның Румынияны Батыс Еуропа мен Балқандағы басты серіктес ретінде қарастыратындығын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасында барлық деңгейдегі сұхбаттастық орнаған. Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 20 жылдың ішінде Қазақстан мен Румыния арасындағы саяси, сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар нығая түсті.


«Қазақстан мен Румынияның негізгі сауда-экономикалық байланысы энергетика, машина жасау, металлургия, көлік-логистика, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп салалары болып есептелінеді. Румынияда сауда, жиһаз жасау, киім-кешек және дәрі-дірмек жасау салаларында 13 қазақстандық-румыниялық кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Қазақстанда негізінен мұнай-газ саласында қызмет атқаратын 32 бірлескен кәсіпорын тіркелген», — деді ол.