Қазақстан шекарашылары контрабандалық валютамен екі азаматты ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шекарашылары контрабандалық валютамен екі азаматты ұстады

Қазақстан шекарашылары контрабандалық валютамен екі азаматты ұстады

АСТАНА. 30 наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан шекарашылары екі валюта контрабандасының алдын алды. Бұл жөнінде ҚР ҰҚҚ Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 30 Наурыз 2007
  • 420
Фото - Caravan.kz

Ақпарат бойынша, Павлодар облысында «Үрлі төбе авто» бекетінде шекарашылар «Форд» автокөлігімен Қазақстаннан РФ бет алған ресейлік азаматты ұстады. Тексеру барысында одан декларацияда көрсетілмеген $14 мың, 3 мың евро, 11 500 ресей рублі табылды»,-дейді баспасөз қыземтінің өкілдері.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында шекара бақылауынан өту кезінде Ресейге бет алған Қазақстан азаматы ұсталды. Шекарашылардың хабарлауынша, оның ГАЗ 270514 автокөлігін тінту барысында пеш қақпағының астынан $10 мың доллар көлемінде контрабандалық ақша табылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті