Қазақстан сыртқы істер министрі АҚШ елшілер тобын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сыртқы істер министрі АҚШ елшілер тобын қабылдады

Қазақстан сыртқы істер министрі АҚШ елшілер тобын қабылдады

20-мамырда ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Орталық Азия республикаларында аккредитацияланған АҚШ елшілерінің тобын, атап айтсақ, Қазақстандағы АҚШ елшісі Ларри Нэппер, Қырғызстандағы елші Стивен Янг, Тәжікстандағы елші Ричард Хогланд, Түрікменстандағы елші Трэйси Джейкобсон, Өзбекстандағы елші Джон Пернелл, АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Линн Паско бастаған өкілдерді қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Мамыр 2004
  • 411
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер барысында кездесуге қатысушылар Қ.Тоқаевтың 2004-жылғы маусым айына белгіленген Вашингтон сапары қарсаңында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, АҚШ елшілерінің өтінішімен Қазақстан сыртқы істер министрі аймақтық ынтымақтастыққа қатысты өзекті проблемалармен бірге маңызды халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы баяндап берді.

Сол күні Қ.Тоқаев Кипр Республикасы президентінің арнаулы елшісі Х. Иоаннидесті қабылдады. Кездесу барысында шетелдік елші Кипр президенті Т.Папандопулостың Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған жолдауын табыс етті. Жолдауда 2004-жылдың сәуір айында осы елде өткен референдумның қорытындысы туралы баяндалған.

Соңғы жаңалықтар