Қазақстан таяудағы төрт жылда өсімдік майы, ерте пісетін жемістер мен көкөністер импортынан толық тәуелсіздік жағдайына қол жеткізеді - Күрішбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан таяудағы төрт жылда өсімдік майы, ерте пісетін жемістер мен көкөністер импортынан толық тәуелсіздік жағдайына қол жеткізеді - Күрішбаев

Қазақстан таяудағы төрт жылда өсімдік майы, ерте пісетін жемістер мен көкөністер импортынан толық тәуелсіздік жағдайына қол жеткізеді - Күрішбаев

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан таяудағы төрт жылда өсімдік майы, ерте пісетін жемістер мен көкөністер импортынан толық тәуелсіздік жағдайына қол жеткізеді. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2008
  • 819
Фото - Caravan.kz

«Біз қант қызылшасы, майлы дақылдар, жемістер мен көкөністердің әсіресе ерте пісетін түрлерін өндіруге басым жағдайда қолдау көрсететін боламыз», — деді А. Күрішбаев.

«Осыған байланысты субсидия көлемін ұлғайтумен қатар, жылыжайлар мен жеміс сақтау қоймаларын салуға баса назар аударылатын болады. Бұл алдағы төрт жылда өсімдік майы, ерте пісетін жемістер мен көкөністер импортынан толық тәуелсіздік жағдайына қол жеткізуге мүмкіндік береді», -деді ол.

Министр бүгінгі жағдаймен «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары төрт ірі және орташа жылыжай, сондай-ақ, жалпы аумағы 9 гектарды құрайтын 43 шағын жылыжай салу жобасын қаржыландыруды мақұлдағанын хабарлады. «Сондай-ақ, құны 1,8 млрд теңгеге жаңадан жеміс сақтау қоймаларын салу және барларын жаңалау жобалары мақұлданып жүзеге асырыла бастады»,- деді ол.

«Егін шаруашылығында біз өндіріске ылғал үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын қарқындандыра түспекшіміз, бұл процессті ынталандыру үшін осындай технологияларды қолданатындарға берілетін субсидия көлемін ұлғайту көзделуде», — деді А. Күрішбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, алдағы 4-5 жылда терең өңделген сүт өнімдері бойынша импортты толық алмастыру жоспарланған. «Былтыр Канададан жоғары өнімді сиырларды әкелу арқылы екі ірі сүт кешені пайдалануға берілді. Таяу уақыттарда тағы да осындай 6 кешен салынады, ал 4 — 5 жылда олардың санын 30-ға жеткізу көзделуде, бұл қазіргі бар сүт өңдеу өндірістерін толыққанды жұмысқа жегуге және терең өңделген сүт өнімдері бойынша импортты толық алмастыруға мүмкіндік береді», -деді ол.

«Ет өндірісін пәрмендендіру жұмыстары да осы бағытта жүргізіліп жатыр — қазір «Мал өнімдері» АҚ сыртқы нарыққа тоңазытылған ет шығаруға арналған барлық қажетті инфрақұрылымы бар екі ірі мал бордақылау кешенін салып жатыр, кейінгі жылдарда тағы да экспортқа бағытталған осындай үш кешенді салып лизингіге беру көзделіп отыр», — деді ауылшаруашылығы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар