Қазақстан Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсетеді

Астана. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы" ҚР үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Наурыз 2008
  • 609
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Тәжікстан Республикасында болған ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы» ҚР үкіметінің қаулысына қол қойды»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Қаулыға сәйкес, Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсету барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы өткізілетін мемлекеттік астық қорынан бір мың тонна азық-түліктік бидай бөлінді.

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арқылы 500 тонна дизель отыны мен 500 тонна жағатын мазут жіберілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы 66 млн. теңгеден астам тауарлық-материалдық (азық-түлік және жылы киім-кешек) құндылықтағы гуманитарлық көмек берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті