Қазақстан темір жол күзетінің вице-президенті миллиондап жымқырғаны үшін сегіз жылын абақтыда өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан темір жол күзетінің вице-президенті миллиондап жымқырғаны үшін сегіз жылын абақтыда өткізбек

"Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті жымқыру әрекеті үшін мүлкін тәркілеумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл туралы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
           Сонымен қатар, "Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ-ның Семей қаласындағы филиал бөлімінің басшысы, осы бөлімшенің екі бухгалтері, бас бухгалтер жеті жылға бас бостандығынан айырылған.
           Қаржы полициясы 2006 мен 2012 жыл аралығында еңбек төлем қорын арттыру арқылы кәсіпорынның 236 млн теңгеден астам қаржысы жымқырылғанын дәлелдеді.
           Қаржы полициясы органдарының тексеруі нәтижесінде "Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ-ның басқа аумақтық филиалдарында да бюджет қаржысының ұрлану фактісі анықталған. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
           Алматыда "Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ-ның филиал бухгалтерлерінің үстінен кәсіпорынның 4 млн теңге қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
           Қарағанды облысында "Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ-ның Қарағанды филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты 400 мың теңгеден астам қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 597
Фото - Caravan.kz