Жарияланды: 330

«Қазақстан Темір Жолы» еншілес компаниясының бұрынғы басшысына қылмыстық іс қозғалды

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлай жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қалалық департаменті «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Транстелеком» АҚ-ның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабы 3 тармағының «б, г» тармақшалары бойынша қозғалып отыр. «Компанияның бұрынғы президенті және аты-жөні анықталмаған тұлға 2009 жылдың мамыры мен 2011 жылдың қарашасы аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на «КТ&Т» ЖШС-мен № 63-1/16 консорционалды келісім бойынша қызмет көрсету барысында «Транстелеком» АҚ-ның 319 439 054 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған», - деп түсіндірді қаржы полициясы. ҚазАқпарат тілшісіне қалалық қаржы полициясының хабарлауынша, басқа ақпараттар тергеу мүддесіне орай таратылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін