Баспасөз хатшысының айтуынша, сыйақы негізінде өз еркімен қаруды тапсыру жөнінде полицияға 1972 арыз келіп түсті. Осы уақыт аралығында 1870 қару, оның 406 кесілген, 1376 тегіс оқпанды қаруы, 25 жарылғыш заты және 85 травматикалық тапанша тапсырылды. Қазір қарулар баллистикалық сараптаудан өткізіліп, «тіркелгендер» және «қылмыстық қару» деректерінің базасы бойынша тексерілуде. Сонымен қатар, кесілген мылтыққа тиесілі 34 мың оқ және 6 келі жарылғыш заты өткізілді.
Б. Қожахметовтың мәліметтері бойынша, жергілікті азаматша өз еркімен Алматы қаласының Бостандық АІІД «1941 жылғы ППШ-41» және 1943 жылғы «ППС-43» екі пулемет-тапаншаны, үш оқу гранатасын, қол гранатасын, гранатометтің астына қоятын оқу қол гранатасын, жаяу әскерлерге арналған қысым жасау әрекетті екі оқу минасын тапсырды.
«Әйелдің сөздеріне қарағанда, қару мен жарылғыш заттар үйдің жер төлесіндегі бөлмесін жинау кезінде табылды «, -деп хабарлады баспасөз хатшысы. Ол атап өткеніндей, криминалдық сарапшылардың берген қорытындысы бойынша автоматтар оқ қарулары болып табылғанымен атуға жарамсыз, ал гранаталар мен миналар оқу жаттығу жұмыстарына арналған. Осыған орай, сараптама комиссиясының берген қорытындысы бойынша сыйақы төлемінің көлемі 157 мың теңгені құрады. Оның 116 мың теңгесі автоматты қару үшін, 40 мың теңге жарылғыш заттар үшін берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті