Қазақстан үкімет басшысы Еуропалық Комиссияның еліміздегі өкілдігінің басшысы Норбер Жюстенмен кездесті
Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Еуропалық Комиссияның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Норбер Жюстенмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Н. Жюстен Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің жаңа басшысы ретінде танысты.
Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселесін талқылады.
Кездесу барысында сондай-ақ Брюссельдегі Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңес отырысының және Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 1-ші форумның қорытындылары талқыланды.
Тараптар сауда, инвестиция, энергетика, сондай-ақ адам құқықтары мәселелері бойынша диалогты дамыту жөніндегі өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі туралы бірыңғай пікірге келді.
Премьер-министр Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін