Жарияланды: 450

Қазақстан үкімет басшысы өзінің орынбасарына "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының орындалу барысын тексеруді тапсырды

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің орынбасары Ербол Орынбаевқа "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының орындалу барысын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мектептер мен ауруханалар салуға ауқымды қаржы бөлінген басты облыстарға барып қайтыңыз, сосын нақты деректер бойынша БАҚ-тың қатысуымен маған баяндап беріңіз. Сізбен білім және ғылым министрі, денсаулық сақтау министрі мен мәдениет және ақпарат министрі бірге жүрсін", - деді Кәрім Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін