Жарияланды: 420

Қазақстан үкімет басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін атап көрсетті

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін атап көрсетті. Бұл туралы пікірді ол бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Әлемдегі бір мемлекет те табиғи зілзалалар мен апаттардан сенімді сақтандырылмаған. Қытай мен Қырғызстанда болған ауқымды зілзалалар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін талап етеді", -деді Кәрім Мәсімов. "Біз үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының қызметінде экология ажырамас бір құрамды бөлікке айналуы маңызды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі концепцияның жобасын жасау жұмыстарының тым созылып кеткенін айта кеткім келеді ", - деді премьер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін