Қазақстан «Үкімет тиімділігі» факторы бойынша IMD рейтінгісінде 23-орында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан «Үкімет тиімділігі» факторы бойынша IMD рейтінгісінде 23-орында тұр

Қазақстан «Үкімет тиімділігі» факторы бойынша IMD рейтінгісінде 23-орында тұр

Қазақстан «Үкімет тиімділігі» факторы бойынша IMD рейтінгісінде 23-орынды иеленді.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 538
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанада «Тұрақты экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік басқарудың тиімділігі» атты дөңгелек үстелде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

«Қазақстанның институционалдық даму деңгейі «Үкімет тиімділігі» факторы бойынша еліміз IMD рейтінгісінде 23-орынды иеленді. Бұл өткен көрсеткішге қарағанда 5 сатыға төмен», — деп атап өтті вице-министр.

Дегенмен, оның сөзіне қарағанда, Қазақстан «Үкімет тиміділігі» факторларына енетін бірнеше тармақтар бойынша позицияларын жақсарта білген. Мәселен, «мемлекеттік қаржы» саласында еліміз 9 сатыға жоғарылап, 5-орынға қол жеткізген. «Фискалды саясат» бойынша 1 сатыға көтеріліп, 9-орынға жайғасқан. «Институционалдық орта» саласында 4 позицияға жақсарып, 37-орынға дейін жетті. Сонымен қатар «Қоғамдық құрылым» (27-орын), «Бизнес туралы заңнама» салаларында (33-орын) тұрақтылық сақталып отыр.