Қазақстан үкіметі ел экономикасы мен қаржы саласын тұрақтандыру іс-қимылдарының 2009-2011 жылдарға арналған жоспарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі ел экономикасы мен қаржы саласын тұрақтандыру іс-қимылдарының 2009-2011 жылдарға арналған жоспарын қабылдады

Қазақстан үкіметі ел экономикасы мен қаржы саласын тұрақтандыру іс-қимылдарының 2009-2011 жылдарға арналған жоспарын қабылдады

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі ел экономикасы мен қаржы саласын тұрақтандыру іс-қимылдарының 2009-2011 жылдарға арналған жоспарын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қараша 2008
  • 684
Фото - Caravan.kz

Үкімет мүшелері бүгін өткен отырыста жоспарды бір дауыстан қабылдады.

«Меніңше, бұл бағдарлама қоғамның алдында қазір тұрған барлық сұрақтарға жауап береді. Бұл ауадан құралған бағдарлама емес, нақты бағдарлама. Оны жүзеге асыруға Ұлттық қордан $10 млрд және бюджет пен зейнетақы жинақтаушы қорлардың қаражаты бөлінеді», — деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Президент анықтап бергеніндей, ол бес бағытқа бағытталатын болады.

«Бұл жоспардың аясындағы барлық әрекеттердің ашық болғаны айрықша маңызды, қоғам үшін ол түсінікті болуы керек. Барлық ресурс қайтарымды және бұл аса маңызды»,- деді үкімет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымымыздай, тұрақтандыру шараларының жоспарын жүзеге асыруға 2,2 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында экономиканы тұрақтандыру шараларының жоспарын таныстыру барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Жоспардың жүзеге асуы барысында еліміздің экономикасына мемлекет тарапынан 2,2 триллион теңге инвестиция салынады. Ол Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 20 пайызға жуығын құрайды»,- деді Кәрім Мәсімов.

«Жоспарды жүзеге асыруға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордан 1,2 трлн. теңге немесе 10 млрд. АҚШ доллары бағытталды. Бұл қаржылар 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджет аясында жоспарланған шығыстарға қосымша ретінде бөлініп отыр. Президент анықтап бергеніндей, ол бес бағытқа бағытталатын болады. Атап айтқанда, қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз етуге — 4 млрд. доллар (480 млрд. теңге), жылжымайтын мүлік рыногын тұрақтандыруға — 3 млрд. доллар (360 млрд. теңге), шағын және орта бизнесті қолдауға — 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), агроөнеркәсіп кешенін дамытуға — 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), серпінді инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды жүзеге асыруға — 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге) бағытталатын болады», деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар