Қазақстан үкіметі ІЖӨ шаққандағы бюджет дефицитін төмендетуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі ІЖӨ шаққандағы бюджет дефицитін төмендетуді жоспарлауда

Қазақстан үкіметі ІЖӨ шаққандағы бюджет дефицитін төмендетуді жоспарлауда

Қазақстан үкіметі ІЖӨ шаққандағы бюджет дефицитін сатылы түрде 2015 жылғы 2,2%-дан

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 797
Фото - Caravan.kz

2017 жылы 1,7% -ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлады республика қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Бұл туралы ол дүйсенбіде парламент мәжілісінде "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын ұсынған кезде айтты.

Онда ұсынылған материалдарға қарағанда, 2015 жылы дефицит 997 млрд теңге болмақ немесе ІЖӨ 2,2%; 2016 жылы — 1 трлн 59 млрд теңге немесе ІЖӨ 2,1% ; 2017 жылы — 973 млрд теңге, немесе ІЖӨ 1,7%.

2015 жылы 6 трлн 309 млрд теңге түспек, бұл нақтыланған болжамнан 103 млрд теңгеге артық. Оның ішінде табыс (трансферт түсімін есептемегенде) 4 трлн 338 млрд теңге сомасында болмақ, бұл 2014 жылғы деңгейден 23 млрд теңгеге аз.

Б.Сұлтанов атап өткендей, негізгі шығындар азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды өткізуге байланысты болып отыр.


2015-2017 жылдары әлеуметтік қорғау саласының шығындары 5 трлн 885 млрд теңге болмақ, оның ішінде 2015 жылы — 1 трлн 713 млрд теңге.

2015-2017 жылдары білім мен ғылымға 1 трлн 726 млрд теңге бөлінбек, оның ішінде 2015 жылы — 511 млрд теңге.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бөлінетін қаржы 2015-2017 жылдары 2 трлн 84 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2015 жылы — 690 млрд теңге.