Қазақстан үкіметі "Катрина" дауылынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына қаржы аударады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі "Катрина" дауылынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына қаржы аударады

Қазақстан үкіметі "Катрина" дауылынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына қаржы аударады

Қазақстан үкіметі "Катрина" дауылынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі "Bush-Clinton Katrina Fund" қорына қаржы аударады. Кеше, 7-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонмен кездесу барысында осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

«АҚШ үкіметі мен Б.Клинтон бізге осынау жан түршігерлік зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету қорын қолдау жөнінде өтініш жасады»,- деді президент. «Қазақстан үкіметі бұл қоға қаржы аудару арқылы тікелей көмек көрсетеді»,- деді ол.
Н.Назарбаев сонымен бірге «Қазақстандықтар атынан қаза тапқан американдықтардың отбасына көңіл айтты».
6-қыркүйекте АҚШ-тың бұрынғы президенттері үлкен Джордж Буш пен Билл Клинтон «Катрина» дауылынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорын құрғанын мәлімдеген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті