Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 18 Наурыз 2008
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылданды. Үкіметтің қажетті шешімін бір айда дайындап, алға қойлған барлық мақсаттарды шешуді тапсырамын», -деді Кәрім Мәсімов. «Сол себепті өз орынбасарым Шүкеевке осы жұмыстарды басқаруды тапсырамын. Оны біз биыл бастауымыз керек», — деді ол.

«Қазақстанның оңтүстігіндегі суға қатысты мәселе экономикалық және әлеуметтік маңызымен қатар ұлттық қауіпсіздігімізге де қатысы бар мәселе болмақ»,- деді ол.

«Әрине, бұл шешімнің әлсіз жақтары да, қуатты тұстары да бар, біз осы қадамға саналы түрде, бәрін түсіне отырып барып отырмыз, өзіміз үшін аса маңызды мәселені шештік»,- деді премьер.

«Бұл тақырыпты біз осымен жаптық, оған енді қайта айналмаймыз, ендігі жерде техникалық мәселелерді шешуіміз қажет»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті