Жарияланды: 440

Қазақстан үкіметі жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын мемлекеттік тіркеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін қаулыны бекітті

Қазақстан үкіметі жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын мемлекеттік тіркеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін қаулыны бекітті

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі бүгін өткен отырыста азаматтарға жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын мемлекеттік тіркеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтыруларды №454-ші қаулыға енгізу жөніндегі қаулыны бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз үкіметтің 2003 жылдың 16 мамырындағы "Жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын және оған қатысты сауда-саттықтарды мемлекеттік тіркеу үшін жиналатын алым ставкасын бекіту туралы" №454-ші қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгіземіз", - деді әділет министрі Зағипа Балиева. Оның айтуынша, өзгерістер мен толықтырулар "жедел қызмет көрсетуге маманданған ділдел фирмаларды болдырмау үшін"енгізіліп отыр. "Осындай жедел қызметті біз көрсететін боламыз және оның төлемі - 58 мың теңге бюджетке аударылады", -деді ол. "Біз бұл шара тиісті құжаттарды 1-2 күнде реттеуге құлқы барларға арналады және ол қазіргі бар тауқыметтерді жоюға мүмкіндік береді", -деді министр. Ол төлқұжаттар мен жеке куәліктерді жедел беруге бағытталған осындай шараларды "нақты жұмыс істеп кеткенін" еске салды. "Бүгінгі күні елімізде төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеумен айналысатын фирмалар жойылды, құқық қорғау органдары бір ірі қылмыстық топты әшкерелеп, жауапкершілікке тартты, осы жолғы жағдайда да ол жұмыс істейді деп ойлаймын", -деді З. Балиева. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть