Бұл туралы Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше Ресей,Беларусь, Қазақстан үкімет басшыларының кездесуінен кейн мәлімдеді.
«Экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан мен бүгін таңертең Украина премьер-министрінің міндетін атқарушы Яценюкпен телефон арқылы байланысып, Украина мен Қазақста арасындағы экономикалық қатынастарды қалпына келтіру туралы келіскенімізді хабарлағым келеді», — дейді ол.
Сондай-ақ, РФ Премьер-министріДмитрий Медведев Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу Д.Медведев, К.Мәсімов және Белорусь үкімет басшысы Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім дайындауды талқылағаннан кейін өтті.