Жарияланды: 4300

Қазақстан ұлтшылдық салдарынан мемлекет ретінде жойылып кетуі мүмкін - сарапшы

Қазақстан  ұлтшылдық салдарынан мемлекет ретінде жойылып кетуі мүмкін - сарапшы

«Біздің жұмыс» сараптама орталығының директоры Нұртай Мұстафаев ұлтаралық шиеленісті қалай азайтудың жолын түсіндірді.

Елімізде ұлтаралық себептермен болатын дау-дамай стихиялық бағыт ала бастады. БАҚ-дағы материалдар мен әлеуметтік желідегі пікірлерге қарағанда елімізде ұлтаралық сипаттағы төзімсіздік өсіп барады. Ғаламторды жиі қолданатын бірқатар азаматтар компьютерде отырып, қоғамдық пікір қалыптастырға тырысады. Этнополитолог Нұртай Мұстафаев Central Asia Monitoring порталына берген сұхбатында Қазақстандағы ұлтаралық жағдайды түсіндірді.

- Өкінішке орай «ұлтаралық келісім, бірлік пен толеранттылық» идеясы ақырындап сейіліп барады. Оны этносаралық жанжалдарды өсіріп көрсеткісі келетіндердің ісінен көруге болады. Ал шын мәнінде олай болмауы бек мүмкін. Мәселен адам өлімімен аяқталған «Чукотка» барының алдындағы төбелесті немесе Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың немересіне жасалған шабуылды алайық.

Сарапшының пайымдауынша, мұндай ой салып жүргендердің көбі ұлтшыл патриоттар, әлеуметтік желіні үнемі қолданатын жастар.

- Біздің қоғамда «ұлт», «ұлтшыл» сөздері дұрыс талданбай жүр. Бірақ бізде ұлтшылдық жоқ. Мұндай көрініс 1960 жылдары жойылған. Оның дәуірі өткен. Түсініңіздер, ұлтшылдық қозғалыстар халықтың отар елде отырып өз мемлекетін құруға талпынуы. Ал Қазақстан – отар ел емес. Отаршылдық жүйе әлдеқашан күйреген. Біздегі ұлтаралық бірлік – бұл аса үлкен байлық. Оны жоғалту өте қауіпті, -деді Мұстафаева.

Сондай-ақ Мұстафаева қазақ халқының саны жылдам өсіп жатыр ма, деген сауалға жауап берді.

Қазақ халқының 2004 жыл мен 2017 жыл аралығындағы өсу динамикасы жылына 0,5 пайызды ғана құрады. Мұның өзі урбанизация салдарынан тіпті кемуі мүмкін. Себебі қазақтар жаппай қалалық, яғни аз балалы отбасы болып жатыр. Ал өзбек, ұйғырлар қай жерде тұрса да көп балалы. Бұл феномен. Оны түсіндіру қиын. Яғни осы екі ұлттың үлесі арта береді. Ал қалған ұлттар саны кеми түседі. Оның ішінде қазақтар да бар,- деген пікір айтты сарапшы.

Ал бұл мәселені оралмандар есебінен шешу жолын Нұртай Мұстафаев дұрыс емес дейді.

- Өз басым оралмандарды елге әкелуге қарсымын. Өйткені шетелде отандастарымыздың болуы біз үшін әлдеқайда тиімді. Қазақтың ұлтшыл-патриоттары кейде өз сөздеріне өздері қарсы шығады. Қазақстандық белгілі ғалым Гүлнәра Меңдіқұлованың зерттеулеріне қарағанда Қытайдағы, Ресейдегі және Өзбекстандағы қазақтар диаспора емес, ирредентер. Өйткені олар ықылым заманнан ата-бабалары тұрған жерде өмір сүріп жатыр. Олай болса олар не үшін Қазақстанға қоныс адаруы керек? Дәл солай Қазақстанда да өзге елдермен арадағы ирреденттері бар,- деді Мүстафаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін