«Қазақстан» ұлттық арнасы шетелдік өнімдердің санын қысқартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан» ұлттық арнасы  шетелдік өнімдердің санын қысқартпақ

«Қазақстан» ұлттық арнасы шетелдік өнімдердің санын қысқартпақ

«Қазақстан» ұлттық арнасы  шетелдік өнімдердің салмағын  қысқартпақ. Телеарна құны мыңдаған доллар тұратын түрік пен корей  телехикаяларынан бас тартып, орнына отандық өнімдерге қолдау білдірмекші.

  • 2 Қараша 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz


Нұржан Мұхамеджанова, «Қазақстан» ТРК төрайымы:

— Корей және түрік тілінде шығарылған өнімдерден бастартайын деп отырмыз. Бұған дейін біздің бағдарламалар жүйеде  19 пайызын құраса, келесі жылдан басап 9 пайызға түседі, яғни, 10 пайызға төмендейді.

Жалпы, ұлттық арна көрермендеріне 7 жылдан бері түрік пен корейдің көпсериалды телехикаяларын ұсынып келеді екен. Осы аралықта шетелдік  сериалдарға көпшіліктің көзі үйреніп қалғандықтан арна халықаралық деңгейде түсірілген өнімдерден түбегейлі бас тарта алмайды. Дегенмен, әр минуты мыңдаған доллар тұратын шетелдік фильмдерді мүмкіндігінше қысқарттық дейді басшылар. Есесіне отандық режиссерлердің туындылары эфирге шығады. Еліміздегі 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна осылайша қазақстандық телеөнімге ерекше қолдау көрсетпек.