Қазақстан Ұлттық банк төрағасы саясаттан тыс болуға тырысады
![]() |
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко саясатқа араласпауға тырысатындығын мәлім етті. |
«Мен 1994-ші жылдан бері Ұлттық банк басшылығында келемін, және осындай шешімдер қабылдаған кезде (атап айтқанда, девальвация туралы – ҚазТАГ) шенеуніктердің мүдделері ешқашан ескерілген емес. Тек қана экономика мен халық мүддесі ескерілді. Саясатқа мүлдем қатыспауға тырысамын», - деді Г. Марченко profinance.kzсайтында кірген азаматтың, 2009 жылы девальвация туралы шешім қабылдағанда кімнің мүддесі ескерілді деген сауалына жауап беріп.
Маусым айында Г. Марченко халықаралық валюта қорының (ХВҚ) төрағалығына ұсынылған өз кандидатурасын алып тастағаны белгілі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін