" Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы бағамының ауытқу дәлізін 185 теңге +/- 3 теңге, 185 теңгеге дейін +3/-15 теңге" кеңейтті", деді Алматыда баспасөз мәслихатында Ұлттық банк жетекшісі Қайрат Келімбетов.
Алдында ол теңгені күшейтерлік кеңістік аясы бар, деген болатын.
Қазақстан Ұлттық банкі биыл ақпан айында теңгенің долларға шаққандағы айырбастау бағамын бұрынғы деңгейде қолдаудан бас тарту (150 теңге/$1 плюс-минус 3%), оны қалыптастыру үрдісіне араласуды азайту және валюталық интервенциялар көлемін төмендету туралы шешім қабылдады.