Қазақстан Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге кірісті

Қазақстан Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге кірісті

Бүгін Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу шеңберінде Астанада «Экспортқа қолдау көрсету саласындағы әлемнің үздік тәжірибелерін қолдану» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өтті. Семинарды «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 419
Фото - Caravan.kz

Шара Халықаралық сауда орталығының шетелдік кеңесшілерінің қатысуымен мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдеріне арнап өткізілген. Сондай-ақ, семинар жұмысына Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу бойынша сараптау жұмыс тобының өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты — Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясын құру, дамыту және ары қарай ілгерілету бойынша мемлекеттік жобаның барлық қатысушылары үшін іргелі тұғырнаманы жасау. Ал мамандардың айтуынша, экспорттық стратегияларды қабылдаудың өзектілігі мен тиімділігін әлемдік тәжірибе растап отыр. Мәселен, бүгінге дейінгі жақын жылдары экономикалық даму деңгейі әртүрлі әлемнің 100-ге жуық елі стратегиялық экспорттық басқару жүйесін белсенді түрде ендірген.

«KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің Басқарушы директоры Жәліл Болатовтың айтуынша, шикізаттық емес экспортты ілгерілетудің кешенді және басымдықты жүйесін құру бойынша Елбасының тапсырмасы шеңберінде мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегиясын әзірлеуге кіріскен. Стратегияны әзірлеудің айрықша өзектілігі жалпы әлемдік саудаға, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы сауда қызметіне кері ықпал ететін жаһандық экономикалық және қаржылық мәселелерге дер кезінде жауап қайтару қажеттілігімен байланысты. Осыған орай, ұзақ мерзімді сұранысқа ие экспорттық нарықтарға қатысты елдер арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік экспортты ілгерілетудің тиімді жүйесін құруға бағытталған дамудың бірыңғай ұлттық бағытын қалыптастыруды белгілейді.


Тоқтала кететін жайт, «Қазақстан-2050» Стратегиясының көрсеткіштеріне сәйкес жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге өсуі тиіс. Осыған сәйкес Ұлттық экспорттық стратегияның нысаналы көрсеткіштері анықталды. Осы көрсеткіштерге 2018 жылы экспорт көлемін 120 млрд. долларға дейін арттыру және 2018 жылы жалпы экспорт құрамындағы өңделген өнімнің үлесін 42%-ға (2012 жылғы үлесі 28%) арттыру кіреді. Бұл Қазақстанға әлемдік экспортшылар тізімінде 35 орынға (қазіргі таңда 43-ші орында) тұрақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қосымша көрсеткіштер болып келесілер табылады: экспорттың тауарлық және географиялық әртараптылығын кеңейту, экспортшы компаниялардың саны мен жұмыс орындарын арттыру, «Made in Кazakhstan» брендінің танымалдығын арттыру.