Қазақстан заңы айыпталушылардың құқығын қылмыстық процесстің барлық сатысында қорғауды қамтамасыз етуге тиіс - ЖС судьясы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан заңы айыпталушылардың құқығын қылмыстық процесстің барлық сатысында қорғауды қамтамасыз етуге  тиіс - ЖС судьясы

Қазақстан заңы айыпталушылардың құқығын қылмыстық процесстің барлық сатысында қорғауды қамтамасыз етуге тиіс - ЖС судьясы

АСТАНА. 26 - шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан заңы айыпталушылардың құқығын қылмыстық процесстің барлық сатысында бірдей дәрежеде қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай пікірін кеше "Азаматтардың әділеттілікке қол жеткізуі" тақырыбандағы "дөңгелек үстел" барысында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Раиса Юрченко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 26 Шiлде 2007
  • 647
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық процесстің қағидалары және әділеттілікке қол жеткізуге ықпал ететін басқа да барлық тұстар осы процесстің барлық сатыларында бірдей болуға тиіс, деп ойлаймын»,- деді Раиса Юрченко.

«Егер біз қылмыстық процесс сатысын қадағалайтын болсақ, онда қорғаушының білікті көмегін алу құқығы алдын ала тергеу және соттың бірінші инстанциясында жүзеге асырылады. Қалған сатыларында — аппеляциялық, қадағалау сатыларда — қорғаушымен қамсыздандырудағы талап төмендейді»,- деп қосты ол.

Оның пайымдауынша, «заңдар іс жүзіне сотталғандардың ахуалының нашарлауына бағытталған жәбірленушілердің шағымдары мен прокурор наразылығын қорғаушының қатысуынсыз қарауға жол береді». «Мұндай жағдайда процесске қатысушы тараптардың тең жағдайда емес екендігі байқалады, себебі прокурор кәсіби заңгер болып табылса, сотталушы кәсіби заңгер емес және де сотталушының бұл сатыда тағылған айыпқа қарсы тұратын қорғаушысы жоқ»,- деп қосты судья.

«Бұл жерде 1998 жылғы ресейлік Конституциялық кеңестің қаулысын алып қарауға болады, онда қорғау құқығы қылмыстық процесстің барлық сатыларында бірдей деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс деп танылған»,- деп атап өтті ЖС өкілі. Ол сондай-ақ «біздің заңдарымыз да осыны үлгі тұтып, заңнаманың осы бөлігі өзгертілуге тиіс», деп қосты.

Сонымен қатар, Раиса Юрченко пайымдауынша, «егер біз жауапқа тартылып отырған тұлға құқығын озбырлықтан, дұрыс қарамаудан, заңсыз жауапқа тартудан неғұрлым мықты қорғалуға тиіс екендігіне назар аудара отыырп, осы орайда біз көбінесе заңды тұрғыдан сауатсыз болып келетін және де өз құқықтарын дұрыс қорғай білмейтін жәбірленуші жақты да ұмытпауымыз керек». «Жәбірленушілерге де білікті заң каң көмек алу құқығы берілуге тиіс. Сонымен қатар, мұндай құқық сотталушыға да, айыпталушыға да жекелеген жағдайларда тегін берілуге тиіс», — деп санайды судья.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті