Қазақстан және Тәжікстан президенттерінің келіссөздеріне суэнергетикалық шаруашылық мәселелері басты арқауға айналуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Тәжікстан президенттерінің келіссөздеріне суэнергетикалық шаруашылық мәселелері басты арқауға  айналуы мүмкін

Қазақстан және Тәжікстан президенттерінің келіссөздеріне суэнергетикалық шаруашылық мәселелері басты арқауға айналуы мүмкін

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 тамыз. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстанға сапары аясындағы келіссөздердің басты арқауы суэнергетикалық шаруашылық мәселелері болуы мүмкін, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Тамыз 2007
  • 364
Фото - Caravan.kz



«Бүгін біз президенттің алдағы Тәжікстан сапарына дайындық шеңберінде үкіметаралық комиссияның отырысында екі жақты қарым-қатынас үшін және аймақты дамыту тұрғысынан маңызды бірнеше мәселе талқылануға тиіс деп келістік», — деді бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Тәжікстан премьер-министрі Акил Акиловпен өткен кездесуден кейінгі брифингте. «Мен бірінші орынға суэнергетикалық сипаттағы мәселелерді қояр едім, бірақ оларды тек екі жақты қарым-қатынастар аясында шешу мүмкін емес. Оған өңірлегі барлық елдер атсалысуға тиіс», — деді ол.

К. Мәсімовтың айтуынша, екі елдің премьер-министрлері «бұған қоса Қазақстан президентінің сапары кезінде Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумын өткізуге келіскенін» жеткізді.

Еске сала кетейік, Н. Назарбаев қыркүйек айында Тәжікстанға сапармен барады. Сапар қарсаңында үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді. «Сапарға дейін барлық қажетті материалдарды дайындау үшін үкіметаралық комиссияның отырысы 27 тамызда өтеді», — деді А. Акилов.