Қазақстан Жапониямен бірлесіп, ядролық қарусыз әлем идеясынан кеңінен насихаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Жапониямен бірлесіп, ядролық қарусыз әлем идеясынан кеңінен насихаттайды

Қазақстан Жапониямен бірлесіп, ядролық қарусыз әлем идеясынан кеңінен насихаттайды

Қазақстан Жапониямен бірлесіп, ядролық қарусыз әлем идеясынан кеңінен насихаттайды.

  • 26 Тамыз 2015
  • 791
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко мәлім етті.

"Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Венада өткен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының отырысы барысында Қазақстан мен Жапония 2015-2017 жылдарға арналған аталған шарттың 14 бабы конференциясына тең төраға болып сайланды. Аталған конференцияның жұмысы ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында БҰҰ Бас ассамбелясы аясында басталады. Біздің тең төрағалығымыз аясында Қазақстан ядросыз қару әлем идеясын, сонымен қатар Қазақстан үлгісінде ядролық сынақтарға тыйым салу идеясын Жапониямен тығыз ынтымақтаса отырып, кеңінен насихаттамақ", — деді Р.Василенко.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні алтыншы рет аталып өтілмек. 
Сонымен қатар комитет төрағасы 2012 жылдың 29 тамызында елордада өткен Халықаралық парламенттік ассамблея аясында Елбасы Н.Назарбаев ұсынған АТОМ жобасы да әлемде зор қолдауға ие болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта әлемнің жүзден астам елінің 200 мыңнан астам адамы әлемдік көшбасшыларды ядролық сынақтан бас тарту, Ядролық сынақтарды жаппай тыйым салу туралы шартының тез арада күшіне енуін қамтамасыз етуге шақырған АТОМ онлайн петициясына қол қойған.

Соңғы жаңалықтар