Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылардан мұнай өндірісі мен экспортын арттыруды сұрамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылардан мұнай өндірісі мен экспортын арттыруды сұрамақ

Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылардан мұнай өндірісі мен экспортын арттыруды сұрамақ

Қазақстан мұнай өндірісі мен экспортын арттыру мәселесі бойынша жер қойнауын пайдаланушы- компаниялармен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

  • 14 Сәуiр 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

"2014 жылы Қашаған кен орнынан 2,4 млн тонна коммерциялық табыстың алынбай қалуы ықтимал. Осы орайда басқа кен орындарында мұнай өндірісі мен экспортын мүмкіндігінше кем дегенде 1,5 млн тоннаға дейін арттыру туралы ірі компаниялармен қосымша жұмыстар және келіссөздер жүргізіледі", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда 2013 жылы 69,4 млн тонна шикі мұнай, 12,3 млн тонна газ конденсаты өндірілген. Республика өткен жылы 68,158 млн тонна мұнай мен газ конденсатын экспорттады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,1% артық.