Қазақстан журналистерінің конгрессі беделді әрі ықпалды ұйымға айналды - Д.Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистерінің конгрессі беделді әрі ықпалды ұйымға айналды - Д.Назарбаева

Қазақстан журналистерінің конгрессі беделді әрі ықпалды ұйымға айналды - Д.Назарбаева

Қазақстан журналистерінің конгрессі (ҚЖК) беделді әрі ықпалды ұйымға айналды. Бүгін, 19-ақпанда Атырауда Қазақстан журналистерінің III конгрессін ашып сөз сөйлеген ҚЖК-нің төрайымы Дариға Назарбаева осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Ақпан 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

Д.Назарбаеваның айтуынша, ұйым өз іргетасын берік қалау міндетін шеше білді. Бастапқыда 18 әділет ұйымын біріктірген конгресске қазір 113 ұйым қамтылып отыр.

ҚЖК төрайымының айтуынша, конгресс жұмысына тұңғыш рет саланың басқарушысы- ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов қатысып отыр. Д.Назарбаеваның пікірінше, мұндай қадамға кәсіби міндетпен бірге «журналиске тән әрнәрсеге әуесқойлық қасиет те» түрткі болып отыр. Конгресс басқарушысы онда талқыланатын тақырыптардың өзектілігіне тоқталып өтті. «Біз бұл тақырыптарды атқару комитетінің бұған дейінгі отырыстарында да, бұрынғы конгресстерде де талқыладық. Бірақ олар өзектілігін әлі де жоғалта қойған жоқ». Атап айтсақ, конгрессте мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, Қазақстанда жарнама нарығын дамыту, Қазақстандық БАҚ-тардың мемлекеттік мекемелермен ықпалдастығы, масс-медианың баспасөз қызметтерімен арақатынасы, журналистерді дайындау стандарттарына деген жаңаша көзқарас мәселелері сарапталады.
Д.Назарбаеваның пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау кезіндегі жұмысына қатысты тақырыптың маңызы да ерекше.
Қазақстан журналистері конгрессінің төрайымы форумға қатысушылардың жұмысына табыс тіледі. Олардың бұл жұмысы қызғылықты болатынына және конгресс барысында журналистер өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болатынына сенім білдірді. Конгресстің басты мақсаты мен міндеті де осыған келіп саяды деді ол.

Соңғы жаңалықтар