Б. Сапарбаевтың айтуынша, «инфляциялық құбылыстарға негізінен азық-түлік өнімдері үлес қосып отыр (54,5%)». Оның айтуынша, ет өнімдерінің бағасының өсімі 19,4%, ал жеміс-көкөністер бағасының өсімі 11% құрады. Ал азық-түлікке жатпайтын өнімдердің инфляциялық үлесі 17% болды. Соның ішінде киім-кешек пен аяқ киімнің бағасы 10,5% өсті.
«Инфляцияняң өсуіне ақша массасының өсімі мен беріліп жатқан несиелердің көлемі де әсер етуде, несиелердің көлемі екі есеге жуық өсті», — деп атап өткен ол «депозиттердің жайы да осындай», деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті