Жарияланды: 430

Қазақстанда 2008 жылдың 10 айында ана өлімі 33% азайды - Дерновой

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылдың 10 айында ана өлімі 33% азайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Денсаулық сақтау саласындағы бір басымдық - ана мен баланың денсаулығын сақтау. Қазақстанда 2008 жылдың 10 айының қорытындысы оң динамиканы байқатып, осы мерзімде перинаталдық көмек көрсетудің жаңа принциптерін пайдаланудың арқасында ана өлімі 33% азайды ", -деді А. Дерновой. Дегенмен, оның айтуынша, ана өлімінің көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Астанада жоғары күйінде қалып отыр. "Ал Жамбыл Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында өлім көрсеткіштерінің 30% аудандық ауруханалардың үлесіне тиеді, бұл әйелдерді облыстық деңгейде кәсіби көмек көрсетуге дер кезінде жіберуге байланысты", - деді министр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін