Жарияланды: 430

Қазақстанда 2011 жылы екі Конфуций институты ашылады

Қазақстанда 2011 жылы тағы екі Конфуций институты ашылады, деп мәлім етті Қытай халық республикасының елшісі Чжоу Ли.

«Қазақстанда 2011 жылы екі Конфуций институты ашылады, Ақтөбеде және Қарағандыда, осы қалалардағы ЖОО-лардың базасында. Олардың әріптесі – Шыңжаңның экономика және қаржы университеті (Үрімшіде орналасқан - ҚазТАГ)», - деп хабарлады ҚХР елшісі сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында. Оның ақпаратына сәйкес, қытайлық оқытушылар ҚР-ға ҚХР есебінен келетін болады. Бұрын хабарланғандай, 2007 жылдың желтоқсанында Конфуций институты Астанада Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінде ашылған болатын. Институт қытайтанушы мамандарды дайындайды. Конфуций институтының құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы келісім мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның бастамасы болатын. Қытайдың қытай тілін оқыту жөніндегі канцеляриясы және Гумилев ат. ЕҰУ келісімге 2006 жылдың желтоқсанында қол қойды. Алғашқы Конфуций институты 2004 жылдың қарашасында Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеул қаласында ашылды. 2007 жылдың соңында 64 ел мен аймақта210 институт, соның ішінде Азияда 65, Еуропада 73, Америкада51, Африкада16, Океанияда6институт болды.Ресейде 12 Конфуций институты бар. Әлемде Конфуция институтына ұқсас екі жүйе бар - ИспанияныңСервантесинституты және немістің Гете институты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін