Жарияланды: 50

Қазақстанда 275 мың қызметкердің жалақысы өседі

Қазақстанда 275 мың қызметкердің жалақысы өседі

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеге дейін өседі және ол ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова ең төменгі жалақының өсуі азаматтық қызметкерлерге қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды тілшісі. 

Министрліктің есебі бойынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды. Соның нәтижесінде 275 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өседі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтық қызметкерлердің жалақысы көбейтіледі. Бізде қазіргі таңда 1,2 миллион азаматтық қызметкер бар. Олардың арасында түрлі санаттар бар: 1-4 разрядты жұмысшылар, орта білімді немесе еңбек өтілі аз персонал, мамандар. Біздің есебіміз бойынша 275 мың адамның лауазымдық еңбекақысы өседі", —деді министр үкімет кулуарында. 

Әбілқасымова лауазымдық еңбекақыға еңбек өтілі, разряды және тағы басқа үшін түрлі үстемақы мен қосымша ақы қосылатынын атап өтті. 

"Түрлі санат бойынша біреулер үшін өсім орташа есеппен 19%-ті, енді бірілері үшін 50% және одан да жоғары құрайды. Орташа есеппен өсім 35 процент", — деді ол.

Министр ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөрі шегіне байланысты болмайтынын айтты.

"Ең төменгі жалақы елдің экономикалық өсіміне сәйкес көтеріліп, бекітіледі. Ал ең төменгі күнкөріс шегінің қызметі біршама басқа, ол жыл сайын инфляцияға қарай индексацияланады", — деді Әбілқасымова.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть