Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүреді - Т.Дүйсенова - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүреді - Т.Дүйсенова

Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүреді - Т.Дүйсенова

 Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүреді, бұл жалпы халық санының 3,5 пайызын құрайды. Бүгін Мәжілісте мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова осылай деп мәлім етт

  • 21 Сәуiр 2014
  • 446
Фото - Caravan.kz

Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде жалпы саны 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар болса, солардың 69 мыңы — балалар.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіну мен оларды әлеуметтік қолдаудың жаңа ұғымы әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеу мәселесін ғана емес, мүгедектерді оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін де қамтиды. Осыған орай, Қазақстан Мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы конвенцияға және оның Факультативтік хаттамасына қосыла отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялау жөнінде міндеттеме алған болатын», — дейді министр Т.Дүйсенова.


Оның айтуынша, аталған міндеттемелерді іске асыру үшін «Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жоспар» қабылданған.

«Осы жоспар шеңберінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізетін заң жобасы әзірленді», — дейді министр.