Қазақстанда акциздік өнімдерді есептеу және бақылаудың жаңа маркалары енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда акциздік өнімдерді есептеу және бақылаудың жаңа маркалары енгізіледі

Қазақстанда акциздік өнімдерді есептеу және бақылаудың жаңа маркалары енгізіледі

АСТАНА. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда акциздік өнімдерді есептеу және бақылаудың жаңа маркалары енгізіледі. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2007-жылдың 11-наурызында қол қойған үкімет қаулысының мәтіні бүгін ресми баспасөзде жарық көрді.

  • 13 Наурыз 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

Құжатта атап көрсетілгеніндей, бұл шаралар бюджетке акциздік түсімдердің толық түсуін қамтамасыз ету және акциздік өнімдердің жекелеген түрлерін жасырын өндіру мен айналымға шығарудың алдын алу мақсатын көздейді.

Қаулыға сәйкес спиртті өнімдерді есептеу және бақылаудың жаңа маркалары 2007-жылдың 15-сәуірінде қолданысқа енгізіледі. Бірақ ескі үлгідегі есептік-бақылау маркаларымен таңбалау 2007-жылдың 1-маусымына дейін, ал ескі үлгідегі есептік-бақылау маркаларымен таңбаланған спиртті өнімдерді сату 2007-жылдың 31-желтоқсанына дейін созылады.

Қаулыға сәйкес, тиісті органдарға есептік-бақылау маркаларын дайындайтын ұйымды айқындауға тендер өткізіп, жеңімпаз компаниямен келісім-шартқа қол қою шараларын 2007-жылдың 1-мамырына дейін жүзеге асыру тапсырылды. Жаңа есептік-бақылау маркаларының бірінші партиясы алынғанға дейін оларды шығарумен ҚР Ұлттық банкінің «Банкнот фабрикасы» РМК айналысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті