жағдайды сапалық жағынан өзгерту және проблеманы шешудің қазіргі заманғы тәсілдері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Әділбек Мұсабаев айтты.
«Қазақстанда 9 мың бала балалар үйінде тәрбиеленуде. Дегенмен қазіргі уақытта әлеуметтік жетімдіктің кеңінен тарала бастауы барынша алаңдаушылық туындатады. Жетім балалардың 80 пайыздан астамы ата-анасы тірі болса да жетім қалып отыр», — деді ол.
Оның атап өтуінше, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры маңызды әлеуметтік және қоғамдық жобаларға белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді.
«Азаматтық бастамаларды белсенді түрде дамытатын әрі үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін қоғамдық ұйым ретіндегі біздің міндетіміз — бұл жұмыстарды сапалы әрі тиімді арнаға бұру. Осылайша, дәстүрлі әлеуметтік идеялар мен жобалар деп аталатын шараның аясында қор 2015 жылы Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тәлімгерлік пен меймандық отбасы институтын дамытуға грант бөлді», — деді Ә.Мұсабаев.
Іс-шара барысында сарапшылар Қазақстандағы әлеуметтік жетімдіктің түрлі аспектілерін, заңнама тұрғысынан кәсіби мамандар даярлауды және отбасыларды психологиялық қолдау жайын талқылады.