Жарияланды: 620

Қазақстанда алғашқы жарты жылда ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы 0,5 процентке өсті

Биылғы 6 айда Қазақстанда ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы 0,5 процентке өсті. Ал 2002-жылдың осы мерзімінде өнім мөлшері 1,4 процентке азайған болатын. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 1,9%-ке өссе, керісінше мал шаруашылығындағы өнім 1,3%-ке арзандаған. 2003-жылдың алғашқы жартысында картоп бағасы біршама өсіп 15,4%-ті құраса, көкөніс өнімдері 14,5%-ке қамбаттады. Ал жыл басынан бері күнбағыс тұқымы небәрі 0,8 процентке қымбаттады. 2002-жыл бойы және үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында арзандау ағымы байқалған астық дақылдарының құны сәуір айынан бастап керісінше қымбаттады. Жыл басынан бері дәнді дақылдар 0,8%-ке қымбаттады, соның ішінде қара құмық бағасы 6,2%-ке, жүгері , қара бидай және тары бағасы 5,3-5,7%-ке, бидай құны 0,7%-ке қымбаттаса, арпаның құны 2,1%-ке арзандады. Биылғы жылы малшаруашылығы өнімдерінің бағасы маусымдық сипатта арзандады, атап айтсақ, сүт бағасы 8,6%-ке, жұмыртқа 5,4%-ке арзандады. Ал мал етінің бағасы 1,7%-ке, қой етінің бағасы 8,7%-ке, жылқы еті 4,4%-ке, ірі қара мал етінің бағасы 1,8%-ке, шошқа еті 1%-ке қымбаттаса, керісінше құс етінің бағасы 2,9%-ке арзандады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть