Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді

2017 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны 18 096,9 мың адамды құрады.

  • 15 Қараша 2017
  • 262
Фото - Caravan.kz

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі былтырғы жылмен салыстырғанда 18 мың адамға кеміп, 194,9 мың адамды құрады, — деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны 18 096,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 383 ,3 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 713,6 мың адам (42,6%). 2016 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті», — деп жазылған хабарламада.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте туғандар саны 293,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 6,2% аз.

«2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18 мың адамға немесе 8,5% кеміп, 194,9 мың адамды құрады», — дейді ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Қарастырылып отырған кезеңде 98,4 мың адам қайтыс болған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,3% аз.


2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2386 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13% азайды.

«Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1195 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 574 немесе 24,1%, тыныс органдары ауруларынан – 151 немесе 6,3% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 129 немесе 5,4% нәресте қайтыс болды», — делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар