Жарияланды: 600

Қазақстанда баламалы энергетика кластері құрылады - "Қазына"

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде ашылған Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы аясында "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ баламалы энергетикалық жүйелерді өндіру және оларды өткізумен шұғылданатын ғылыми-техникалық кластер құру туралы үш жақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазына" ТДҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресей жағынан келісімге "Новые энергетические проекты" ұлттық-инновациялық компаниясы, Қазақстан жағынан - "Инжиниринг және технолгиялар трансферті орталығы" АҚ мен мемлекеттік "Парасат" АҚ қол қойды. Ғылыми-техникалық кластер "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі еркін экономикалық аймағының аумағында орналасады. Оның құрамында нанофабрика, сутегі технологияларын пайдаланып энергетикалық жабдықтар өндіретін кәсіпорын болмақ. Форум аясында жоғары технологиялар көрмесі өтуде, оған "Қазына" ТДҚ да өз экспозициясын қойған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть