Қазақстанда бес жылда орман қорына 2 млрд түп ағаш егіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бес жылда орман қорына 2 млрд түп ағаш егіледі

Қазақстанда бес жылда орман қорына 2 млрд түп ағаш егіледі

Орман – қазақстандықтардың байлығы.

  • 5 Қаңтар 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Қазақстан орман алқабы аз мемлекеттер қатарына жатады. Орман қорына жататын жерлердің жалпы көлемі 30 млн гектарды құрайды. Яғни республикамыздың 11%-ын ғана алып жатыр. 13 млн гектар жерде орман өсуде. Ормандылық көрсеткіш 4,8% құрайды. 2030 жылға қарай елдегі орман алқабы көлемін 5%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда», — деді министр.

Министрдің айтуынша 5 жыл ішінде орман алқаптарында 2 миллиард және елді мекендерде 15 млн ағаш егіледі. Бұл бағытта министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемдерін анықтаған. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта орманды алқаптарды көбейту мен орман өсірудің кешенді жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар