Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік концепциясының жобасы жасала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік концепциясының жобасы жасала бастады

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік концепциясының жобасы жасала бастады

БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау қоры (UNEP), Ғаламдық экологиялық қор мен ҚР мемлекеттік мекемелері бірлесіп Қазақстандағы биологиялық түрлердің азаю қаупінен қорғану концепциясының жобасын жасауға арналған "ҚР-дағы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық құжат" жобасын жасауды қолға алды. Бұл туралы жобаның үйлестірушісі Ерлан Жұмабаев бұқараны жобадан хабардар ету мақсатымен 27-маусымда Алматыда басталған семинар барысында KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 2142
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл құжат Қазақстан Республикасына генетикалық өзгертілген өнімдерді әкелу және пайдалануға бақылау қою жөніндегі Ұлттық жүйені құру бағытындағы біртұтас бағдарлама жобасын жасауды қарастырады.

Жоба үйлестірушісінің айтуынша, Қазақстан қазір еліміз аумағына осындай өнімдер мен оларды өңдеу өнімдерін заңсыз әкелуден іс жүзінде мүлдем қорғалмаған. Өйткені, Қазақстанда генетикалық өзгертілген өнімдердің тасымалына бақылау қоюдың қандай да бір жүйесі қалыптаспаған, осындай функция мен жауапкершілік жүктеген мекеме деген атымен жоқ, аталмыш рынокті реттеуге қабілетті заңдық негіз жасалмаған, қала берді тіпті генетикалық өзгертілген өнімдерді анықтай алатын зертхана да жоқ.
Соған қарамастан, Е.Жұмабаевтың пікірінше, дайын азық-түлік өнімдерінің құрамына қоспа ретінде енгізілген модификациялық өнімдермен еліміздің әрбір тұрғыны бетпе-бет келуде. Көбінесе шұжық, кондитерлік өнімдер мен жартылай әзірленген өнімдер құрамына қосылатын генетикалық өзгертілген соя бұршағы, крахмал мен жаңғақтар, сондай-ақ, модификациялық жүгері тұтынылады. Өнімнің мұндай түрлерінің басым бөлігі елімізге АҚШ пен Қытайдан әкелінуде. Сонымен бірге, мұндай өнімдердің таңбасында генетикалық өзгертілген өсімдіктер қолданылды деп көрсетілмейді.
Е.Жұмабаевтың айтуынша, басты мәселе — генетикалық өзгертілген азық-түлік өнімдерінің денсаулыққа зиянды немесе зиянсыздығы ғылыми тұрғыда нақты дәлелденген жоқ, сондықтан оларды өндірісте асқан абайлықпен қолдану керек.
Келесі жағынан алып қарағанда, әртүрлі биологиялық организмдердің генетикалық өзгертілген сорттарын шығару — табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті бұзуға қабілетті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында өсімдіктер мен хайуанаттардың генетикалық өзгертілген түрлерін шығарып алуды қатаң бақылауға алу қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі жағдаймен БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау қоры (UNEP), Ғаламдық экологиялық қор , ҚР ауылшаруашылық министрлігінің орман және су шаруашылығы комитеті, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тазалық-індет бақылауы комитетінің сарапшыларынан құралған жұмыс тобы аталмыш ахуалға алдын-ала талдау жасай бастады. Ұлттық құжат жобасы 2004-жылғы көктемде ҚР үкіметіне ұсынылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар