Қазақстанда биоотын өндірушілердің қауымдастығы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда биоотын өндірушілердің қауымдастығы құрылды

Қазақстанда биоотын өндірушілердің қауымдастығы құрылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 тамыз. АСТАНА. Қазақстанда биоотын өндірушілердің қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Тамыз 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz



Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қазақстанның биоотын өндірушілерінің қауымдастығын құрудағы мақсат -«елімізде биоотын өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін мүдделі кәсіпорындарды біріктіру» болып табылады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауымдастық құру жөніндегі бастаманы көтеріп үйлістіруші — «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ болып табылады.

«Қазақстандағы жеті компанияны біріктіретін қауымдастық ашықтық, тәуелсіздік және дербестік принциптеріне негізделген», — делінген хабарламада.

Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлағанындай, 22 тамызда бірлестіктің құрылтай жиналысы өтіп, онда қауымдастықтың атқарушы директоры болып Бейсен Дөненов сайланды, ол бұрын «Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК-ында жұмыс істеген.