Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады- Мәсімов (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады- Мәсімов  (толықтырылған нұсқа)

Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады- Мәсімов (толықтырылған нұсқа)

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий күшіне енді, бұл туралы бүгін ҚР салық органдары қызметкерлерінің форумы жұмысы барысында премьер-министр Кәрім Мәсімов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 700
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде берген тапсырмасына орай, мен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау жөнінде қаулыға қол қойдым», — деді К. Мәсімов.

» Сөйтіп, мораторий бүгіннен бастап күшіне еніп, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады», — деп толықтырды премьер-министр

Бұдан бұрын хабарланғанындай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялаған болатын. Бұл туралы ол 14 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Тексерулерді жеңілдеті үшін барлық шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялаймын. Әрине, бұл мораторий адамның денсаулығына, қауіпсіздігі әсер ететін тағы сол сияқты дәрі- дәрмек, азық- түліктермен айналысатын өндіріс орындарына таралмайды «, — деді президент.

Мемлекет басшысы үкіметке «мораторийді қашаннан бастап, қанша уақытқа дейін жариялауды жіті қарастыру керек», деген тапсырма берді.

«Мен айтқанымдай, бақылау органдары бизнестің дамуын тежеп отыр. Жақын уақытта бұл жағдайды талдап, тиісті шешім қабылдау қажет», — деді Н. Назарбаев. «Тексерулерді жүрзігу керек, бірақ тәртіп болу керек», — деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті