Қазақстанда дабыл қағылды: екі күнде 20 адам суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дабыл қағылды: екі күнде 20 адам суға кетті

Қазақстанда дабыл қағылды: екі күнде 20 адам суға кетті

Олардың барлығы рұқсат етілмеген орындарда шомылған және суда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.

  • 9 Шiлде 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда өткен сенбі мен жексенбіде шомылып жүрген 20 адам көз жұмды, деп хабарлады Sputniknews.kz төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан (бес адам), Қызылорда (үш адам), Қарағанды (үш адам), Солтүстік Қазақстан (екі адам), Алматы (бір адам), Қостанай (бір адам), Ақмола (екі адам), Батыс Қазақстан (бір адам) облыстарында, Астана (бір адам) мен Алматы (бір адам) қалаларында болды, олардың барлығы рұқсат етілмеген орындарда шомылған.

Төтенше жағдайлар комитеті су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін және рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын тағы да ескертеді.

ТЖК атап өткендей, азаматтар көп жағдайда құтқарушылардың сөзіне құлақ аса бермейді.    

Мысалы, Қостанайда құтқарушылар рейдтік шаралар кезінде шомылуға арналмаған жерде суға түспек болған азаматтарға ол жердің қауіпті екенін ескерткен. Бірақ ешкім тыңдамаған. Олар суға батып жатқанда ер адам құтқарып қалған, алайда өзі суға кетіп қалған.  


Оқи отырыңыз:

Кешірім сұраймын: Баян Мақсатқызы сот жүйесіне қатысты пікірін өзгертті

Қостанайда той басталар уақытта мейрамхана өртеніп кетті

Қазақстандық спортшылар биыл қандай халықаралық жарыстарға қатысады?