Қостанайда той басталар уақытта мейрамхана өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда той басталар уақытта мейрамхана өртеніп кетті

Қостанайда той басталар уақытта мейрамхана өртеніп кетті

Қостанай қаласындағы «Астам» мейрамханасы отқа оранды.

  • 9 Шiлде 2018
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Бүгін саған 17.30 шамасында облыс орталығындағы «Астам» мейрамханасынан өрт шықты. Өрт туралы облыстық ТЖД қызметіне мейрамхана күзетшілері хабар берген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ғимарат ішіндегі адамдардың көбі оқшау жерге шығарылды. Олардың көбі — балалар.

Белгілі болғандай, бүгін сағат 18:00-де мейрамханада үйлену тойы басталуы керек-тін. Алайда, жас жұбайлар «Астамға» өрт сөндірушілермен қатар келді.

Облыстық ТЖД қызметі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған. Қазіргі уақытта ғимарат аумағында 6 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.


 

 

Соңғы жаңалықтар