Қазақстанда дәрілерді сатуға шектеу қойылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дәрілерді сатуға шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда дәрілерді сатуға шектеу қойылуы мүмкін

Елімізде дәрі сату, оның ішінде парацетамол сатуға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

  • 1 Шiлде 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгіннен бастап нарықта парацетамол таблетка түрінде сатылып жатыр. Ол Алматы, елорда және Қарағанды облысындағы дәріханаларда бар және апта соңына дейін барлық аймаққа жеткізіледі… Елімізде парацетамолдың 80-нен астам түрі бар: таблетка, сироп т.б. түрінде тіркелген. Біздің сараптау ұйымымыздың сертификаттауында бұл препараттардың көлемі жеткілікті", — деді Бюрабекова ОКҚ брифингінде.


Журналистер дәрілердің сатылымына шектеу қойыла ма деген сұрақ қойды.

"Бірнеше аймақта, жақын уақытта тағы бірқатары қосылады. Бір адамға 2-3 қаптамадан артық сатпау үшін әкімдіктер мен бөлшек желі қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды. Емделу курсы үшін препараттың осынша мөлшері керек. Одан көп емес. Үйде босқа жатпауы үшін препараттардың пайданалу мерзімі,сақталу шарттары бар", — деді Бюрабекова.

Соңғы жаңалықтар