Қазақстанда дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру жөніндегі тетіктер құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру жөніндегі тетіктер құрылады

Қазақстанда дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру жөніндегі тетіктер құрылады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 635
Фото - Caravan.kz

екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасында екінші деңгейдегі банктердегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейін төмендету, олардың несие қоржындарының сапасын жақсартуға  мамандандырылған стрестік активтерді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ашықтығын арттыру, елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру, заңнамадағы Ұлттық банктің таратылған ведомстволарына сілтеме жасау нормаларын алып тастау, тұтынушылардың республиканың қаржы жүйесіне деген сенімін және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыруға бағытталған ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Жалпы отырыс барысында негізгі баяндама жасаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметовтің айтуынша, Заң жобасы Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы және ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы қоғамдық бірлестіктермен, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Сондай-ақ онда ҚР Президенті әкімшілігі мен Мәжіліс депутаттарының ескертулері қаперге алынған.

«Заң жобасында ҚР-ның 8 кодексіне және 33 заңына өзгертулер енгізу көзделеді. Заң жобасының негізгі бағыттары мыналар болып табылады. Бірінші, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және екінші деңгейдегі банктердің төлем жасауға қабілетсіз қарыздарын алушылармен жұмыстар тетігін жетілдіру. Екінші, банктердің жұмыс істемейтін активтерімен жұмыс бойынша қосымша тетіктерді және жағдайларды құру. Үшінші, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Төртінші қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту.  Бесінші, қаржы нарығындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыру. Алтыншы, мемлекеттік исламдық бағалы қағаздар шығарылымының  жағдайларын жетілдіру және дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру жөніндегі тетіктерді құру», — деді Қ.Қожахметов.  


Соңғы жаңалықтар