Қазақстанда денсаулық сақтау саласында елеулі алға басушылық байқалуды - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда денсаулық сақтау саласында елеулі алға басушылық байқалуды - премьер-министр

Қазақстанда денсаулық сақтау саласында елеулі алға басушылық байқалуды - премьер-министр

Астана. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда денсаулық сақтау саласында елеулі алға басушылық байқалуда. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі сіздердің баяндамаларыңыздың барлығы сапалы. Бірақ, жалпы алып қарасақ, біздің баяндамаларымыз қандай, немесе біз оны қалай құрамыз, ол (денсаулық сақтау — агенттік тілшісінің ескертпесі) кімге бағынады — министрлікке ме немесе облыстарға ма, мұның бәрі ауырған адам үшін бәрі бір»,- деді премьер-министр облыстық және қалалық денсаулық сақтау департаменттердің директорларына қарап сөйлеген сөзінде.

«Сондықтан да денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік реформалаудың негізгі мақсаты премьер-министр мен үкімет арасындағы стратегиялық жоспармен қорытындыланатындығын тағы да атап өтем»,- деді Кәрім Мәсімов. «Егер біз мақсатымызды дұрыс қоя білсек, онда міндеттер де дұрыс шешілетін болады»,- деп қорытындылады премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті